RU
Назарбаев Надаль мен Джоковичтің теннис матчіне келді (видео)

Назарбаев Надаль мен Джоковичтің теннис матчіне келді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемге әйгілі теннисшілер Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында өтетін қайырымдылық матчі өтетін елордалық "Барыс Арена" стадионына келді. Спортшылардың Елбасымен кездесуінің видеосы оның баспасөз хатшысының Twitter парақшасында жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Аталмыш матчке келген Нұрсұлтан Назарбаев танымал спортшылармен шара басталмас бұрын кездесті.

Ол екі теннисшіге де сәттілік тілеп, әдемі ойын көрсетуін сұрады.

Өз кезегінде Джокович пен Надаль Қазақстанның тұңғыш президентіне өз қолтаңбалары бар футболкаларды тарту еткен.

Елбасы матчті құрметті қонақ үшін арнайы жасалған вип-орыннан тамашалайтын болады.

Өз орнына жайғаспай тұрып, Назарбаев матч көрермендеріне қол бұлғап амандасты. Қалың көпшілік Елбасыға өз қошеметін жаудырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Еске сала кетейік, Новак Джокович пен Рафаэль Надаль Қазақстанға бір күндік сапармен келді. Олар теннис академиясының ашылу салтанатына қатысып, қазақстандық журналистермен кездесіп үлгерді.

Оған қоса, теннисшілер Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Кездесу барысында спортшылар мен президент сыйлықтармен алмасты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel