RU
"Ішімдікке салынған": Енесінен шаршаған келіншек желіде мұңын шақты

"Ішімдікке салынған": Енесінен шаршаған келіншек желіде мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде әйел адам енесінің алкагольді сусындарға тәуелді екенін айтып мұңын шақты. Ол күйеуі үшін барлығына әрең шыдап жүргенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Тұрмыстағы келіншек жан сырын Instagram-дағы Ushbu_hat тобында ақтарды.

"Мендегі мәселе енем. Енем жалпы жақсы адам. Бірақ ішімдікке салынған. Тұрмыс құрғаныма екі болды. Күйеуім үшін үндемеймін. Себебі, жарым өте жақсы. Мен десе, менің ата-анам, апа-сіңлілерім десе өліп-өшіп тұрады.
Сол үшін анасы ғой деп шыдап жүрдім. Жақында балалы болдық. Енді енем ішсе, стресс па, жүйкенің тозғаны ма, көтере алмай, сөз қайтаратын болдым.
Кетіп қалайын десем күйеуімнің обалына қаламын ба деп ойлаймын. Кетпейін десем, енем арағын қоятын емес. Енем аузына келгенін айтады. Баланы қарағысы келеді. Берейін десем ішіп жүріп, тастап кетеді. Не істесем екен?", - деп көпшіліктен көмек сұрады.
Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel