RU
Өскемендік әйел сауда үйінің еденінде төселген құлпытастан өз әкесін танып қойды (видео)

Өскемендік әйел сауда үйінің еденінде төселген құлпытастан өз әкесін танып қойды (видео)

Рассказать Вконтакте

Өскемен тұрғыны сауда үйіндегі жаңа еденде төселген құлпытас бөлшегінен біраз уақыт бұрын көз жұмған әкесінің портретін таныды. Болған жағдайға қатты ашуланған ол полицияға арыз жазған деп хабарлайды Yk.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Наталия Андрееваның сөзінше, оған жақында ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген сауда үйінде түсірілген видеоны жақындары жіберген. Ол бастапқыда медиахабарламалардың неліктен келіп жатқанын түсінбепті. Бірақ, видеоны көрген соң еденде жатқан құлпытас бөлшегінің бірінен 15 жыл бұрын жер қойнауына тапсырылған әкесінің суретін байқаған екен.

Келіншектің айтуынша, ол 10 жыл бойы әкесінің ескерткішінде тұрған құлпытасты жақсы біледі. Себебі, олар бес жыл бұрын ғана жобаны қалпына келтіру үшін суретші шақырған. Алайда, шебер қайта қалпына келтірудің орнына жаңа портрет салуды ұсыныпты.

"Ескерткішті алып, қайта жасауға алып кетті. Біз ескі суретті қайтармағандықтан, ол кәдеге жаратылғанына сенімді болдық", -дейді қала тұрғыны.

Ол тастардағы портреттердің неге алынбағанын түсіне алар емес.

Наталияның сөзінше, ол полицияға арыз тастағанымен, ондағылар қылмыстық тергеу жүргізілу-жүргізілмеуі белгісіз екенін айтыпты. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары өзінен басқа ешкім шағымданбағандықтан, қазір бұл жағдай тергеліп жатқан жоқ екенін түсіндірді дейді келіншек.

Дегенмен, өскемендік полиция басшысы Дәуір Ибраев 25 қазан күні кешке өз Instagram парақшасында аталған факті вандализм бабы бойынша тексерілетінін айтқан еді.

Басылымның хабарлауынша, қоластындағылар басшылықтың әлеуметтік желідегі хабарламаларын оқымайтын сыңайлы.

Сіздің реакцияңыз
19
5
3
5
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel