RU
"Аға деп жүрдім": Ақбота мен Айдарқұловтың махаббат хикаясы қалай басталған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Аға деп жүрдім": Ақбота мен Айдарқұловтың махаббат хикаясы қалай басталған

Рассказать Вконтакте

Отандық бағдарламаға сұхбат берген Ақбота мен Дәурен Айдарқұловтар бір-біріне деген сезімдері қалай пайда болғанын есіне алды. Жұлдызды жұп жеке өміріне қатысты бұған дейін еш жерде айтпаған тың мәліметтермен "Той жыры" бағдарламасында бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қос ғашықтың махаббаты "Гламур для дур" фильмінің түсірілімінен бастау алған.

Алайда, Ақбота Айдарқұлова киноға дайындық кезінде болашақ жолдасына деген сезімі болмағанын ашық айтты.

Ол бастапқыда, Дәуренді менсінбей, оны тек аға ретінде қабылдап жүргенін жасырмады.

"Бұл кісіні алғаш рет түсірілім алдында көрдім. Оның жасы маған үлкен болып көрінді. Не дегенмен арамыз 14 жас қой. Мен ол кісіге "Дәурен аға, сіз" деп сөйлетінмін. Басында менсінбейтінмін. Сөздің ашығын айтқанда, дайындық кезінде менде сезім болған жоқ. Оны Дәурен де біледі.
Таныстығымызға үш ай болғанда махаббатымыз лаулап, жаңартау атылғандай болды. Бір-бірімізге жиі хабарласып, бауыр баса бастадық. Уақыт өте келе, ағалық-қарындас ара қатынасымыз достыққа айналды. Достығымыз махаббатқа айналды. Махаббатымыз үлкен отбасыға айналды" , - деді Ақбота.

"Кешью" тобының бұрынғы мүшесі үш баласы бар әзілкешпен қарым-қатынасын он рет үзбек болғанын да жеткізді.

"Жұмысымды ары қарай істеуім керек. Мен екінші әйелі де, бірінші әйелі де бола алмаймын деп "осы жерден ара қатынасымызды үзейік" деген жағдай шын айтса, он мәрте болған шығар" , - деп есіне алды әнші.

Ал Дәурен Айдарқұлов болса болашақ жарын аталмыш фильмнің кастингінде ұнатып қалған.

"Алғашқы көрісуіміз кастингте болды. "Кешьюдің" құрамы өзгергенде, кім келгенін қарау үшін Instagram желісінен қарадық, көрдік. Бірақ, ол кезде ешқандай жоспарлар болған жоқ. Жоспар деген кастингтен кейін, түсірілім барысында құрыла бастады. Басты рөлге мен және Кентал, Ақбота мен Жұлдыз қарастырылды. Өзіммен бірге киноға Ақботаның өткенін қаладым. Себебі, мен оны сол кезде ұнатып қалдым.
Қалағаным Ақбота болды. Ал қарым-қатынасымызға қатысты айтатын болсам, Ақбота тарапынан бірнеше мәрте арамызды үзу туралы ұсыныс болды. Мен қоймадым. Ақыр-соңы шариғат бойынша некемізді қидық. Менің туыстарым, Ақботаның туғандары, халық та қатты таңғалды. Бірақ, біздің махаббат түбі жеңді" , - дейді әзілкеш.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel