RU
"Мафиозник бола алады": Қайрат Әділгерей басы дауға қалған Зайытов жайлы ойын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Мафиозник бола алады": Қайрат Әділгерей басы дауға қалған Зайытов жайлы ойын айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей атышулы ақын Ринат Зайытовқа қатысты пікір білдірді. Ол шеруге шыққан белгілі айтыскердің төңірегіндегі мәселе жайлы не ойлайтынын жасырмай айтты деп жазады Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Әділгерей өнер жұлдыздарының саясатқа келуін қолдамайтынын бірден кесіп айтты.

Оның сөзінше, халыққа шығармашылығымен танылған адам сол жолмен жүре беру керек.

"Жалпы Ринатқа керегі жоқ еді сол. Халық Ринатты ақын деп жақсы көреді. Оның бір ақынмен айтысқаны әлдеқайда халыққа өтімдірек.

Ол халықтың мұң-мұқтажын одан да өнерімен жеткізсін, халыққа өз басуын айтсын. Ал, бірақ саясатқа барудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

  • Мысал үшін: бір дәрігер келіп, ақын болғысы келетінін Жүрсін ағамызға келіп айтады. Бірақ, Жүрсін аға ақындарды бірден қабылдамайды ғой. Оны күлкі қылады.

Сол сияқты ол да саясатқа келсе, оған ештеңе істеткізбейді. Олар бұрыннан о бастан келе жатқан адамдар ғой. Олар бәрі бір-бірімен байланысты.

Ринат өз өнерімен ақындар мен айтыскерлер арасында мафиозник бола алады. Сол жерде үстемдік жүргізе алады. Сол жерде қор, топ құра алады" , - деді әзілкеш.

Алайда, жүргізуші бұл жағдайлардан соң, Ринаттың абыройы көтерілгенін жоққа шығармады.

"Халықтың атынан сөйлеп-сөйлеп, кеше ғана қаһарман болған Ринат бірден таңертең халық жауы болды да қалды.
Қосанов құлап еді, Ринатты да үкіметтің жандай шабы екен деп сөкті.

Сол нәрсеге шыдай алмай, кешке алаңға шығып еді, оны қолын қайырып алып кетті. Сосын кешке қарай оны қайтадан қаһарман етіп тастады.

Сол себепті, халыққа басында қандай көзбен көріндің, өнер адамысың ба, солай кете беру керек деп ойлаймын. Себебі, халық кешірмейді.

Өзімді соның орнына қоятын болсам, қиын. Мысалы, менің бала-шағам бар. Баламды жылатып қойып, әйелімді қайғыртып қойып қолымды қайырып алып кетсе, артынан қамап тастаса бәле ғой. Бүкіл халық білсе, ауыр зат сияқты.

Меніңше, бұл оқиғалардан кейін Ринаттың абыройы көтерілді. Бірақ, одан ешқандай пайда жоқ. Халық үшін Ринат айтыскер ақын болып қалады және қала беру керек.

Бірнеше жылдан кейін барып, цирк басқарса да ол айтыскер Ринат болып қалады. Себебі, халық бірінші оның өнерін таныды" , - деп қорытындылады Қайрат Әділгерей.

Сіздің реакцияңыз
13
2
0
2
4
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel