Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өмірге келіп, шетелдіктер асырап алған жеткіншек АҚШ-та көз жұмды

Жарияланған күні:

АҚШ-тың Массачусетс штатында 17 жастағы Дэвин Айсулу Такэбери қайтыс болды. Некрологтар жас жігіттің Қазақстанда өмірге келгенін жеткізді деп хабарлайды The Martha’s Vineyard Times сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дэвин Айсулу Такэбери. Фото: mvtimes.com. Көрнекі фото: pixabay.com
Дэвин Айсулу Такэбери. Фото: mvtimes.com. Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ол 1 қыркүйек күні өз үйінде қаза тапты. Бірақ жас жігіттің жеке өміріне қатысты мәліметтер жақында ғана пайда болды.

Некрологтар өлімнің нақты себебін көрсетпеген.

Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанай қаласында өмірге келген. Қазақстандық баланы Уэйн мен Кэтлин Такэбери 14 айлығында асырап алды.

Жеткіншек мектепті жақсы бағаға оқыған. Ол 12-ші сынып оқып жүргенде өмірден өтті.

Дэвин Айсулу Такэбери АҚШ-тағы қазақ диаспорасының мүшесі ретінде тіркелген.

Сондай-ақ, ол мәдени мұраны қолдауға арналған және Солтүстік Америкадағы қазақ қауымдастығын мойындауға бағытталған ұйымның мүшесі болыпты.
  • Дэвин кішкентай кезінен бастап гимнастика және бимен кәсіби түрде айналысқан. Сондай-ақ, бейнелеу өнеріде қызығушылық таныстқан.

Жас жігіт 2018 жылы Нью-Йоркте өткен Scholastic Awards фотоконкурсында екі алтын және бірнеше күміс жүлдеге ие болды.

Оның еңбектері түрлі басылымдарда жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1824530-kazakstanda-mirge-kelip-seteldikter-asyrap-algan-zetkinsek-aks-ta-kaza-tapty/