RU
Жазира Байырбекова өз қолымен ұзатқан зағип арудың өмірі қалай өзгерді

Жазира Байырбекова өз қолымен ұзатқан зағип арудың өмірі қалай өзгерді

Рассказать Вконтакте

Жазира Байырбекова ұзатқан зағип жан КТК арнасындағы Астарлы ақиқат бағдарламасына қонаққа келді. Өзімен тағдырлас жанға тұрмысқа шыққан ару ендігі өмірінің қалай жалғасып жатқанын сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Жазира Байырбекова ұзатқан жарымжан қыз бен оның таңдаған жары желідегілердің ғана емес, бүкіл БАҚ-тың назарына іліккен болатын.

Бағдарламаға қонаққа келген қос ғашық алғашқы таныстықтарын баяндап берді.

"2016 жылы көз жанарымнан айырылдым. Барлығы жақсы еді, содан кейін бәрінен айырылдым. Тараздың зағип жігіттері бір чатқа қосты. Сол жерде суреттеріне қарап жүрдім. Дәрігерлердің сөзінше, көзім 1% көреді", - дейді ер адам.

Жазираның айтуынша, олар бір жылдай WhatsApp желісі арқылы сөйлесіп, бір-бірін жақсырақ тани түскен.

Арудың анасы оның туа біткеннен көр соқыр болмағанын алға тартты.

"Көзі көретін. Тек қысымы бар еді, глоукома. Үш ай сайын Глазной институтқа апара бердім. Содан 16 жасында жетінші отадан кейін көзі көрмей қалды", - дейді.

Жазираның жұбайы Темірланның сөзінше, оны арудың пысықтығы таңғалдырған екен.

"Бір уақытта тамағымды істеп қояды. Пысық. Таңғаламын. Үйді жинап, бәрін дайындап қояды", - дейді ер адам.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel