RU
Асылхан Төлепов депутаттық мандатымен неге қош айтысқанын ашып айтты

Асылхан Төлепов депутаттық мандатымен неге қош айтысқанын ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Үш жыл бұрын Алматы қаласы Наурызбай ауданының мәслихат депутаты атанған Асылхан Төлепов жақында өз қызметінен бас тартты. Осыған дейін бұл жаңалығымен бөліспеген актер мандатымен не үшін қоштасты? Бұл сұраққа "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жауап береді.

"Кеткен себебім, менің бір жолды таңдауым керек болды. Өзімнің жақсы көретін мамандығым - өнер жолын таңдауым қажет болды. Менің ең жақсы көретін жұмысым - театр, кино. Сол үшін мен келісе отырып, хат жазып, өз өтінішімді білдірдім. Мен өз еркіммен депутаттықтан бас тартамын, босатуларыңызды сұраймын дедім. Бұған түсіністікпен қарады", - деді Асылхан Төлепов.

Өнер мен саясатты қатар ұстаған жас актер негізгі табыс көзім шығармашылық дейді. Асылхан халық қалаулысы болған кезде пайда табудан бұрын қалтасынан біраз қағылған көрінеді.

"Мәслихат депутаты болу деген қоғамдық жұмыс. Сен қоғамға пайдаңды келтіресің, қызмет етесің, бірақ айлық алмайсың және премия, стипендия деген сияқты ештеңе жоқ. Керісінше, сен өз қалтаңнан шығарып, азаматтық қабылдау күндерін өткізгенде, өзің көмектесіп отыруың керек", - деді актер.
Сіздің реакцияңыз
5
2
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel