RU
"Жеке шаруам": Серікбол Сайлаубек намаз туралы сұраққа жауап бермейтінін айтты

"Жеке шаруам": Серікбол Сайлаубек намаз туралы сұраққа жауап бермейтінін айтты

Рассказать Вконтакте

Әнші Серікбол Сайлаубек осыған дейін ел ішін аралап, ауыл-аудандарда 125 концерт бергенін, өмір бойына әнді тегін айтпайтынын мәлімдеді деп хабарлайды NS радиосындағы "Шулайық шоу" түнгі бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ел-елді, ауылдарды аралап осыған дейін 125 концерт бердім, бірақ енді өмір бойы тегін айта бермейсің ғой.
Менің де бала-шағам өсіп келе жатыр, асырау керек, аяққа тұрғызу керек. Артымда тіреп тұрған ешкім жоқ. Талай концерт бердім, халықтың, үлкендердің батасын алдық", - деді әнші.

Сонымен қатар, тыңдармандарының намаз туралы сұрақтарына жауап бермейтінін жеткізді.

"Намаз оқу деген - ол жеке менің шаруам, Алла екеуміз арамыздағы нәрсе, сондықтан оны барша жұртқа жариялауды дұрыс деп есептемеймін", - деді ол.

"Сатқындық көп болды ма?" деген сұраққа әнші "Өте көп болды, бәрін бірақ кешіремін, бәлкім сондықтан да болар, жолым ашық" деп жауап берді.  

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel