RU
Кірпіктері алты сантиметрге дейін өскен иттер әлем назарына ілікті (фото, видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Кірпіктері алты сантиметрге дейін өскен иттер әлем назарына ілікті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде сымбатты адам тұрмақ, әдемі иттердің де фотосын жиі кездестіруге болады. Сондай үй жануарлары қатарында Кло мен Нена есімді кірпігі өте ұзын иттер де бар деп жазады 120.su порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Италиялық "әпкелі-сіңілілі" сүйкімді иттер өздерінің адам сенгісіз ұзын кірпіктерімен танылды.

Кейбіреулер иттердің иесі оларға жасанды кірпік жасатқан деп күдіктенеді. Алайда Виттория Ди Кастри ондай қаңқу сөзді үнемі жоққа шығарады.

Оның иттерінің кірпіктері табиғи көрінеді. Тіпті кей кезде ұзын кірпіктер қиындық тудырып жатады екен.

Ал Виттория болса қатты өсіп кетіп жатса, оны қырқып, ретке келтіріп қояды.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Әйелдің айтуынша, Клоның кірпіктері ерте, ал Ненаның кірпігі шамамен 8 айынан бастап өскен. Олардың кірпіктерінің ұзындығы - 6 сантиметр болған.

Дегенмен, бұл әлемдік рекорд емес (рекорд шамамен 13 сантиметр). Десе де, мұндай табиғи кірпік көпшіліктің арманы болғандықтан, Кло мен Нена мақтанатындай дүние.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel