Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Еңбек» бағдарламасының қатысушысы: Жаңа өмірге есік ашқандаймын

Опубликовано:

«Еңбек» бағдарламасының қатысушысы: Жаңа өмірге есік ашқандаймын

Нұр-Сұлтан қаласында тұратын жас ана Алтынай Кәкішева бас-аяғы 5 жылдың ішінде өзін сан салада сынап көрген. Емхананың тіркеу бөлімінен бастап, сату менеджеріне дейін қызмет еткен. Алайда жан қалауындағы жұмысқа енді ғана қолы жетіпті. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқасында жұмыс тауып қана қоймай, аспаз мамандығын кәсіби тұрғыда игеріп шыққан.

«Еңбек» бағдарламасының қатысушысы: Жаңа өмірге есік ашқандаймын

Бағдарламаға қатысушының жоғары экономикалық білімі бар. Десе де, жұмысқа орналасу оңайға түспеген.

Алтынай:

- Бір компания маған есепші болып жарты жыл бойы тегін жұмыс жасауды ұсынды. Ал екінші бір мекеме айына тек 20 мың теңге ғана төлегісі келді. Бұл менің көңілімнен шықпады, сол себептен қызмет көрсету және сату саласында жұмыс істеуге тура келді.

«Еңбек» бағдарламасының қатысушысы: Жаңа өмірге есік ашқандаймын

Ол 2016 жылы ана атанып, бүкіл уақытын балаға арнайды. Биыл Жұмыспен қамту орталығына барып, өтініш жазады. Артынша аспаз мамандығын таңдайды да, оқуға мүмкіндік алады.

Алтынай:

- Мен бұрынғы жұмысыма қайта оралғым келмеді, өйткені жаңа мамандық игергім келді. Содан кейін аспаз болсам, өмір бойы өзімді асырай алатынымды түсіндім.

«Еңбек» бағдарламасының қатысушысы: Жаңа өмірге есік ашқандаймын

Ол Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде ұйымдастырылған курсқа дейін ас дайындауды білмеген. Курстың бірінші айында жұмыссыз азаматтарға теория түрінде үйретілген. Ал екінші айында тәжірибеге көшіп, оқыған-білгенін іс жүзінде дәлелдеуге тырысқан. Жас ана болса сабақтың бірін де қалдырмай, ай сайын стипендия алып отырған.

Алтынай:

- Бізге білікті мұғалімдер сабақ берді, ең алғаш дәріске келген кезімде олар мені өз білімдерімен таңқалдырды.

«Еңбек» бағдарламасының қатысушысы: Жаңа өмірге есік ашқандаймын

Оқу кезінде караоке мен бардан тәжірибеден өтеді. Бір күні Алтынайға бас аспаз кулинарлық баттлға қатысуды ұсынып, аспаздың көмекшісі ретінде шақырады. Сайыстан 1 орын иеленеді. Емтиханнан «автомат» алады. Артынша жұмысқа орналасады. Осылайша, жеңісті жолдар жалғаса берген.

«Еңбек» бағдарламасының қатысушысы: Жаңа өмірге есік ашқандаймын

Ал мынау біздің аспаздың әзірлеген кеспесі! Алтынай дәл осы тағамды дәмді дайындайды. Пицца, қуырылған шұжық, сорпа секілді ол әзірлеген кеспе де келушілердің сұранысына ие. Ол бар-жоғы 1 ай ішінде жеткілікті тәжірибе жинаған. Бірақ мұнымен тоқтап қалғысы келмейді.

Алтынай: Мен үшін жаңа есік ашылғандай. Бір кездері кейбір жұмыс берушілер маған сенбей, «білімің жеткіліксіз, сенен ештеңе шықпайды» деген еді. Мен аспаз болам деп ешқашан ойламадым. Енді асхана жұмысын білемін. Өмірімнің 5 жылын өзіме ұнамайтын жұмыстарға жұмсаппын. Ең бастысы, қазір өзіме ұнайтын іспен айналысамын, өте қуаныштымын!

«Еңбек» бағдарламасының қатысушысы: Жаңа өмірге есік ашқандаймын

Қазіргі таңда Алтынай Кәкішева ресми түрде жұмысқа тұрған. Демалыс күндерін өзінің кішкентай ұлына арнайды, ең маңыздысы – өз ісін шексіз сүйеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824904-ebek-bagdarlamasyny-katysusysy-zaa-mirge-esik-askandajmyn/

pixel