Выйти
RU

«100 жаңа есім» жобасының өтінім қабылдау уақыты аяқталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

«100 жаңа есім» жобасы адам капиталын дамыту және бәсекеге қабілеттілік идеяларын ілгерілету мақсатында «Рухани Жангыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. 1-31 қазан аралығында 100janaesim.ruh.kz сайтына көптеген өтінім хаттар түсіп үлгерді.

«100 жаңа есім» жобасының өтінім қабылдау уақыты аяқталды

Жобаның үшінші маусымы 39 жасқа дейінгі жас азаматтардың жетістіктеріне арналған. Спорт, ғылым, қоғам, мәдениет, бизнес, медицина салалары бойынша өтінім хаттар қабылданды.

Жобаға қатысушылар назарына, «100 жаңа есім» жобасының III маусымына өтінім қабылдау уақыты аяқталды. Соңғы өтінім хаттар 31 қазанның 00:00 уақытына дейін қабылданғанын айта кетелік. Қатысушыларға дауыс беру уақыты 5 қарашадан басталады.

Қоғамның кез келген саласын еркін бағындырып, толағай табыстарымен дараланған жастардың ел назарында болуы, өскелең ұрпаққа үлгі бола алуы басты міндет.

Ұлттық құндылықтарымыздың ұмытылмауы, салт-санамыздың қайта жаңғыруы, ұлттық кодымыз бен болмысымыздың ұрпақтар сабақтастығында жарасым табуы секілді бір мақсат, бір мүддеге еңбек етіп келе жатқан, елім дейтін азаматтарға жасалған жақсы мүмкіндік.

Ел білімді де білікті, талапты да талантты, жігерлі де жалынды жастарын білуі керек, мектеп жасындағы балалар сол аға-әпкелеріне қарап бой түзеп, ұлттың дамуы жолында аянып қалмау керектігін сезінуі керек! «100 жаңа есім» – жүз жаңа тарих, жүз үлгі!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
«100 жаңа есім» жобасының өтінім қабылдау уақыты аяқталды