RU
"Ақша салып, бәсекеге түседі": Көпен Әмірбек қазақ тойындағы кемшіліктерді тізіп берді

"Ақша салып, бәсекеге түседі": Көпен Әмірбек қазақ тойындағы кемшіліктерді тізіп берді

Рассказать Вконтакте

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек қазіргі тойдың тәрбиелік мәні жоғалып бара жатқанын айтады. Сатирик бүгінде тойда кездесетін кемшіліктерді атады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Көпен Әмірбек. Фото: "Жұлдыздар отбасы"

Көпен Әмірбек. Фото: "Жұлдыздар отбасы"

Көпен Әмірбектің сөзінше, бұрын бойжеткен ұзатылып бара жатқан болашақ ана екенін және ол өзге шаңырақтың үрім-бұтағын таратуға бара жатқанын сезінесе, қазіргі арулар күйеуге шығып бара жатқанына қуанғандай болып көрінеді екен.

"Мысалы, қазақ ұлтының салты, әдет-ғұрпы мен дәстүрінің қаймағы бұзылмаған замандағы тойды бір сәтке елестетіп көріңізші? Мөлдір ме? Мөлдір. Сол кезде қызды ұзатқанда болашақ шаңырақтың беріктігін ұстайтын тәрбиемен ұзатып шағарып салды. Қыз болашақ ана екенін және ол болашақ шаңырақтың үрім-бұтағын таратуға бара жатқанын сезінеді.
Ал қазір тұрмысқа шығатын қыздарда, құдай-ай, сондай бір сәуледей ғана саңылау бар ма? Күйеуге шығып бара жатқанына қуанғандай болып көрінеді. Теңімді таптым-ау деген ғана бір мақтаныш бар", - дейді сықақшы.

Сатирик қазіргі үйлену тойындағы беташар рәсімін де сынға алды. Себебі бұрын келіннің бетін ашқанда ақша салатын дәстүр болмаса керек.

"Баяғыда келіннің беташары қалай болды? Әдемі дәстүр, әдемі әдеп, бір ғажап қуаныш пен шаттық болатын. Ал қазіргі беташарларда асабаның негізгі мақсаты - келінге көбірек сәлем бергізіп, қонақтардың қалтасын қағу. Анаған бір сәлем, мынаған бір сәлем дейді. Содан олар ақша салып, бәсекеге түседі.
Баяғы заманда беташар жасап, ақша тастайтын дәстүр бар ма еді? Жоқ. Ол қайдан келген нәрсе? Кешегі кеңес үкіметінің соңғы бір 10-15 жылында нарық заманына байланысты енді-ау деймін. Міне, тойдың сәні мен сымбаты да содан кетіп отыр. Соған етіміз үйреніп кетті", - деп түйіндеді Көпен Әмірбек.
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
3
3
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel