RU
"Дуалап алғым келді": Жас қызға ғашық болған отбасылы азамат мұңын шақты

"Дуалап алғым келді": Жас қызға ғашық болған отбасылы азамат мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Орда бұзар жасқа келген отбасылы азамат 4 жыл бұрын бір бойжеткенге ғашық болғанын сөз етті. Айтуынша, ол өз әйеліне ата-анасының өтінішімен үйленіп, өмірінде тек бір рет басқа қызға ғашық болған екен. Ер адам ол арусыз өмір сүре алмай жатқанын Instagram-дағы astana__forum парақшасына жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бірнеше жыл бұрын бір аруға ғашық болған жігіт оны бүгінге дейін ұмыта алмай жүр.

Айтуынша, ол сүйіктісі бар қызға көзі түсіп, оған күнде жазып тұрған, алайда көп ұзамай бойжеткен өзінің жігітіне мұндай іс-әрекеті ұнамайтынын жеткізіпті.

"4 жыл бұрын бір қызды кездестірдім, ол кезде жігіт бар еді. Жеке кәсібім бойынша келіссөзге келгенде өзін көріп, ғашық болдым. Кездесуден кейін түстенуге шақырдым. Екеуіміз жай ғана сөйлесіп отырдық. Одан байқаған артықшылықтарды айта беруге болады.

Бірде маған хабарласып, көмек керек екенін айтты. Мен қуана келістім. Ол туралы ойлай бердім, күнде телефонына түрлі жазбалар жіберіп тұрдым.

Уақыт өте ол маған олай жиі жазбауымды өтінді. Сөзінше, жігітіне бұл ұнамайды екен. Содан күннен соң ішетін болдым. Оны ұмыта алмадым", - дейді кейіпкер.

Ер адамның айтуынша, ол өзі сүймеген адамға ата-анасының қыспағымен үйленген көрінеді.

Сол себептен әйелі бәрін біліп қойған кезде азамат одан кешірім сұрамай, ажырасып кетуді өтінген.

"Әйелім досыммен сол қыз туралы жазысқан хатымды оқып қойып, бәле шығарды. Мен кешірім сұрамастан ажырасайық дедім. Ол жылап, мені сүйетінін, кешіретінін айтты. Бізді ата-анамыз үйлендірді. Ол кезде солай істеу керек еді.
Төрт жыл бойы сол бір қызды бақылап келемін. Енді тұрмысқа шыққанын білдім. Әлемімнің тас-талқаны шықты. Оған түк болмағандай құттықтау сөздерін жаздым", - деп ағынан жарылды ол.

Сүйіктісінің үйленіп кеткенін білген ер адам енді өз-өзіне келе алмай жүр екен.

Сөзінше, оның сол қызға ессіз ғашық болғаны сонша, ол тіпті, оны өзіне қарату үшін тәуіптерге бармақ болыпты.

"Сол кезде ол маған менің сезімім жайлы білгенін айтты. Жігіті туралы да өтірік айтыпты. Қазір бақытты екен. Мен оны ұмыта алар емеспін. Осыншалық ғашық боламын деп ойламадым. Тіпті, басын дуалап алғым келді. Оның тұрмысқа шыққанын білгелі бері әйеліме жақындауды қойдым", - деп мұңын шақты ер адам.
Сіздің реакцияңыз
27
4
5
9
1
35
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel