RU
Артық салмағы үшін күйеуі мазақ еткен келіншек арықтаған соң ажырасып кетті

Артық салмағы үшін күйеуі мазақ еткен келіншек арықтаған соң ажырасып кетті

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореядан шыққан Пак Джи Вон босанудан кейінгі күйзеліске түсіп, алдына келгеннің бәрін жей берген. Осылайша салмақ қосып, күйеуіне жиіркенішті болып кетіпті. Алайда өзін қолға алып 40 келі салмақ тастаған ару жұбайынан ажырасып, жаңа өмір бастады деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Бұрын йогадан сабақ берген оңтүстік Кореяның тұрығын бала босанғаннан кейін күйзеліске ұшырап, тамақты көп мөлшерде тұтынған. Күйеуі өз кезегінде жұбайына қолдау көрсетудің орнына, оны артық салмағы үшін сөккен.

Артық салмағы үшін күйеуі мазақ еткен келіншек арықтаған соң ажырасып кетті

Фото: www.instagram.com/love_lean

Пак Джи Вонның салмағы күн санап артып, 86 келіге дейін барыпты. Сол кезде күйеуі оның тартымсыз болып бара жатқанын айтып, титығына тиген.

Содан кейін келіншек не де болса арықтауға шешім қабылдаған деп жазады China Press.

10 ай бойы ол диета ұстап, физикалық жаттығулар жасап тұрған. Осы уақыт аралығында ол 40 келі салмақ тастапты. Күйеуі соған қарамастан оған риза болмаған.

"Түрің нашар. Сені бір көргеннен денем тітіркенеді" , - депті ол.

Сол кезде Пак мұндай некені ары қарай жалғастырудың қажеті жоқ екенін түсініп, ажырасып кетіпті.

Арудың сөзінше, ол күйеуімен айрылысқаннан кейін оның өмірі түбегейлі өзгерген. Қазіргі таңда жас ананың жеке блогы бар.

Ол жерде ару арықтаудың қыр-сырын ашып, пайдалы тамақтануды дәріптейді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
5
0
25
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel