RU
"Мендей ұлдың арманы жоқ": Ердос Қанаев асқар тау әкесін туған күнінмен ерекше құттықтады

"Мендей ұлдың арманы жоқ": Ердос Қанаев асқар тау әкесін туған күнінмен ерекше құттықтады

Рассказать Вконтакте

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев асқар тау әкесін туған күнімен құттықтап, желіде арнайы жазба қалдырды. Жүрекжарды тілегін жазған әнші әкесіндей адамнан тәрбие алғанына мақтан ететінін айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/erdoskanaev

Фото: instagram.com/erdoskanaev

Ердос әкесін туған күнімен құттықтап қана қоймай, Меккеге барғанда тыңдаған өсиетімен де бөліскен.

"Әссәләмуалейкүм жақсылар мен жайсаңдар. Бүгін асқар таудан да биік әкемнің дүние есігін ашқан күні. Пайғамбарымыз дүниеге келген айда сізде дүние есігін ашқан екенсіз. Алла өміріңізді ұзақ етсін әке.
Әрі сол жасқа сай ізгі амалдар нәсіп етсін. Сіздей әкенің қас-қабығын көрген, жаныңыздағы красавица Анашымның мейірімін көрген мендей ұлдың арманы жоқ.

Қажылық сапарында жүргенде Тоқтарбай ұстазымыздың мына бір өсиеті жанымда сақталып қалған екен:

”Үш нәрсеге қарап отырумен сауап жазыла береді екен. Соның біріншісі Қағба. Бұл Раббымның ең алғашқы әрі қасиетті үйі ғой деп Меккедегі Әл-Харам мешітіндегі Қағбаға құр қарап отырсаңыз сауап жазыла береді екен.

Екіншісі Құран. Кісі оны оқи алмасада бұл Кітап Раббымның сөзі ғой, шіркін-ай мен де бұл кітапты оқысам ғой деп бетіне қарасаңыз сауап жазыла береді екен. Үшіншісі Ата-ана!

Кімде-кім Раббым осы кісілерді маған ата-ана қылды. Мен Раббымның тағдырына ризамын деп, ата-анасының жүзіне мейіріммен күлімдеп, қуаныш сыйлаған күйде қараса сол кісіге сауап жазыла береді екен.

Жүз жасаңыз әке, жақсылығыңызбен ұрпағыңызбен мың жасаңыз. Алла екі дүниеңізді жақсылықтармен әсемдеп берсін. Алла маған сіздердің разылықтарыңызды алған әрі мені ұрпағымнан разы болған құлдарынан етсін. Сіздерде әкем үшін дұға-тілектеріңізді аямаңыздар ағайын", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының әкесінің туған күнімен шын жүректен құттықтай жөнелген. Олар:

"Әкеңіз жүз жасасын", "Асқар тауыңыз аман болсын", "Ұқсайсыздар", "Туған күндеріңіз құтты болсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel