Лифт алдында бір-бірінің ернінен сүйген қарт кісілер желіде қызу талқыға түсті
Опубликовано:
Желідегі парақшалардың бірінде лифт алдында бір-бірін ернінен сүйген қарттардың видеосы пайда болды. Оқырмандар қария мен жасы егде тартқан әжейдің ыстық махаббатына тәнті болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ерекше видео Instagram-дағы instavideokz парақшасында пайда болған.
Онда жасы егде тартқан зейнеткерлердің бір-бірінің ернінен сүйген сәтін анық көруге болады.
Видео авторы "Махаббат әлемді құтқарады" деген қысқа ғана жазба қалдырған.
Желі қолданушылары болса қариялардың махаббатына сүйсінген. Олар:
"Не деген махаббат", "Ақсақалдар жарады", "Бәрімізге осындай махаббатты бұйыртсын" деген әзіл-шыны аралас тілектерін жаудырып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825990-lift-aldynda-bir-birini-erninen-sjgen-karialar-zelide-kyzu-talkyga-tsti/