RU
Путин Омбы әуежайында Тоқаевты өзі арнайы шығарып салды (фото, видео)

Путин Омбы әуежайында Тоқаевты өзі арнайы шығарып салды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Омбы қаласында ХІ Өңіраралық ынтымақтастық форумы аяқталды. Оның аясында Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев кездесіп, екі мемлекеттің шекаралық ынтымақтастығын жақсартуды талқылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Берік Уәли

Фото: Facebook/ Берік Уәли

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің сөзінше, Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық Форумы іскерлік бағытта өткенімен, кездесулерде достық ниет айқын көрініп тұрған.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің келіссөздері, форумның жалпы отырысы сындарлы әрі салиқалы сипатта өтті. Екі елдің көшбасшылары талқыланған барлық мәселелер бойынша бір пікірде болды, ортақ шешімге келді.
Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше құрметі мен ілтипаты оның Омбы әуежайына дейін келіп, әріптесін өзі арнайы шығарып салғанынан анық байқалды", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel