RU
Ташкентте ерлі-зайыптылар бес жасар қызын өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

Ташкентте ерлі-зайыптылар бес жасар қызын өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

Рассказать Вконтакте

Ташкенте бес жастағы қызын әдейі өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген ерлі-зайыптылар ұсталды. Бұл туралы жергілікті прокуратураға сілтеме жасаған "Орталық Азия жаңалықтар қызметі" хабарлады.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ведомствоның мәліметінше, 4 қарашада А.В. есімді әйел құқық қорғау органдарына жүгініп, бес жасар қызының жоғалып кеткенін хабарлады. Алайда, тергеушілер А.В. мен оның азаматтық некедегі күйеуі М.Ф-тың берген жауаптарынан күмәнданған.

Құқық қорғаушылар оқиғаның 25 қазанда, түнгі сағат 3-те болғанын анықтаған.

Басылымның мәліметінше, ерлі-зайыптылар жалдамалы пәтерде ішімдік ішіп, содан соң бес жастағы қызын ұрған, қасақана өлтірген.

Қылмыс ізін жасыру үшін олар таңертең мәйітті сөмкеге салып, қала шетіне алып шыққан. Оны өртеп, өртенбей қалған қалдықтарын Шыршық өзеніне лақтырған.

Содан соң ерлі-зайыптылар құқық қорғау органдарына бала жоғалып кетті деп хабарлаған.

Күдіктілер қамауға алынып, қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel