Қалқаман Сарин бір күнде туған Мейрамбек Бесбаев пен Саят Медеуовке өлең жолдарын арнады (фото)
Опубликовано:
Белгілі ақын Қалқаман Сарин бір күнде туған Мейрамбек Бесбаев пен Саят Медеуовті туған күнімен құттықтап, жыр шумақтарын арнады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ол ақ тілегін Instagram парақшасында жариялады.
"Біреуі — бозжусан аңқыған, Біреуі — ән құсы қалқыған. Қос қоңыр, Қос дүлділ, Қос бұлбұл, Дос көңіл — шаттығы шалқыған! Жаңылмай қазақы қалпынан, Арылмай, айнымай антынан, Бүлінбей келеді, бүгілмей, Сүрінбей сахна салтынан!..", - деді ақын.
Желі оқырмандары да әншілерді туған күнімен құттықтап, пікірлерін жаудырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1826361-kalkaman-sarin-bir-knde-tugan-besbaev-pen-saat-medeuovke-le-zoldaryn-arnady-foto/