RU
Қызылорда қаласының әкімі халықаралық бәсекеде топ жарған жастарды қабылдады

Қызылорда қаласының әкімі халықаралық бәсекеде топ жарған жастарды қабылдады

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Хрустальная магнолия" халықаралық жас орындаушылар фестивалінің жеңімпаздары мен Корей елінде өткен дүбірлі додада Азия чемпионы атанған Рахат Бекболатты арнайы құттықтады.

Қызылорда қаласының әкімі халықаралық бәсекеде топ жарған жастарды қабылдады

Қызылорда қаласы облыс орталығы ретінде қай кезде де спорт және мәдениет салалары бойынша аймағымыздың абыройын асырып, талай байрақты бәсекелерде топ жарып, көш бастап келеді.

Сондай жетістіктердің бірі, Ресей Федерациясының Қара теңіз жағалауындағы Туапсе қаласында өткен XХXV "Хрустальная магнолия" Халықаралық жас орындаушылардың фестивалінде өнер көрсеткен қызылордалық өнерпаздар Қарақат Базарбай бас жүлде иегері атанса, фестивальде Саят Сарманбек ІІ орын иегері және Көркемсөз жанры бойынша Хорлан Саин І орын иемденді.

Бас жүлде иегері Қарақат Базарбай 9 жасынан бастап халықаралық байқауларда талай биіктерді бағындырып келеді. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына арналған І халықаралық "Дарын" конкурсында І орын, І Халықаралық "Жас толқын" балалар мен жасөспірімдер байқауында бас жүлде, Болгарияда өткен халықаралық байқауда әлемдік Хит әндері мен фольклор номинациясынан Алтын медаль, Киркоровтың әндерінен күміс медаль иегері атанған.

Қызылорда қаласының әкімі халықаралық бәсекеде топ жарған жастарды қабылдады

Бүгінде, спорттың қай түрінен болмасын жасөспірімдер арасында түрлі деңгейдегі сайыстарда топ жарып, мақтанышымызға айналып үлгерген жастармыз да жетерлік.

Күні кеше ғана, Корей елінде өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында 96 келі салмақ дəрежесінде Сыр елінің зілтеміршісі Рахат Бекболат Азия чемпионы атанды.

Он бес жастағы Рахат бүгіннің өзінде ауыр атлетикадан Қазақстан Респубикасының "Спорт шебері" атағына ие болған. Ол Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы. 2019 жылдың наурыз айында Лас-Вегас қаласында өткен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатында жұлқа, серпе және қоссайыс нәтижесінде 2 алтын және 1 күміс медалының иегері.

Қызылорда қаласының әкімі халықаралық бәсекеде топ жарған жастарды қабылдады

Қала әкімі салтанатты кездесу барысында ел абыройын еселеп жүрген жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, марапат төріне шығарды.

Сонымен қатар, қала әкімі қазақ эстрадасының жас жұлдыздарын әлемге танылуына жол ашып жүрген А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған "Сыр сандуғаштары" ән үйірмесінің жетекшісі Есмұрзаева Бағдагүл Саинқызы және Ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері Пак Вилорик Викторович пен Ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Смаханов Нұржан Дәуренбекұлының еңбегін ерекше бағалап, Қызылорда қаласының ең жоғарғы наградасы "Құрмет" Грамотасын табыстады.

Қызылорда қаласының әкімі халықаралық бәсекеде топ жарған жастарды қабылдады

Қала әкімі жеңімпаз жастарға алғысын жеткізіп, бұдан да биік жетістікке жетулеріне шын тілектестігін білдірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel