RU

Департаментте қызмет ететін 17 полицей бір мезетте әке атанған (фото)

АҚШ-тың Миссури штатындағы Джефферсон аймағында бірге қызмет ететін 17 полицей бір жыл ішінде әке атанған. Департаментте бар-жоғы 175 қызметкер бар деп хабарлайды Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Twitter/KATVNews
Фото: Twitter/KATVNews: Instagram

Вaby boom департамент үшін рекорд болыпты. Офицерлер өз арасында бұл мүлікке салықты көтергендіктен орнаған рекорд деп қалжыңдасады. Осыдан кейін қызметкерлердің жалақысы көтеріліпті.

Офицерлердің бірі мүны жай ғана кездейсоқтық деп есептейді. Оның сөзінше, көп жалақы отбасын асырауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бала - адам өміріндегі ең үлкен қуаныш.

Фото: Twitter/KATVNews
Фото: Twitter/KATVNews: Instagram

Жалақысы көтерген полицейлер енді әкелік еңбек демалысына да шыға алады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1826459-departamentte-kyzmet-etetin-17-policej-bir-mezette-ke-atangan-foto.html