RU
Әлем бойынша ішімдікке әуес 10 елдің тізімі жарияланды

Әлем бойынша ішімдікке әуес 10 елдің тізімі жарияланды

Рассказать Вконтакте

Әлемде жан басына шаққанда алкогольді ішімдікті ең көп тұтынатын ел Литва болып шықты. Жергілікті тұрғындар орташа есеппен жылына 12,3 литр алкоголь ішеді екен. Бұл деректерді "Здоровье вкратце" экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы жариялады деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Аталған тізімде екінші орында – Австрия (11,8 литр), үшінші – Франция (11,7 литр), төртінші – Чехия (11,6 литр). Алғашқы бестікті Люксембург түйіндейді (11,3 литр).

Алкогольді ішімдікке әуес елдер қатарында алтыншы орында – Латвия мен Ирландия. Бұл елдердің тұрғындары орташа есеппен жылына 11,2 литр алкоголь тұтынады екен.

Ресей мен Венгрия бұл көрсеткіште жетінші орынға тұрақтады. Аталған елдер азаматтарының алкоголь тұтыну көрсеткіші жылына 11,1 литрді құраған. Сегізінші орында – Германия (10,8 литр), тоғызыншы – Португалия (10,7 литр). Ондықты Польша мемлекеті түйіндейді (10,6 литр).

Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының деректеріне сәйкес, алкогольді ішімдікті ең аз тұтынатын елдер – Индонезия (0,3 литр), Түркия (1,4 литр), Израиль (2,6 литр), Үндістан (3,0 литр) және Коста-Рика (3,8 литр).

Сонымен қатар, ұйымның мәліметінше, 2007 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта зерттеуде қарастырылған мемлекеттердің барлығында дерлік жан басына шаққандағы алкоголь тұтыну мөлшері төмендеген.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel