Выйти
RU

"Енеммен тұрамын": Айым Сейтметова келіндік қызметін қалай атқарып жүр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында ғана отау құрған жас актриса Айым Сейтметова отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтты. Өнер иесі енесімен бірге тұратын болып шықты. Ол күйеуінің анасымен бір шаңырақ астында өмір сүру өзіне қалай әсер еткенін жасырмай айтты деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отандық танымал әртістер Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы келіндік қызметін қалай атқарып жатқанын айтты.

Оған қоса, Айым өз үйінде көп жұмыс істемегенін де жайып салды.

"Енемнің бізбен бірге тұратыны жақсы болды. Ол кісі барынша көмектесіп, менің кем тұстарымды көрсетпеуге тырысады. Анамызбен бір шаңырақ астында өмір сүргеніміздің пайдасы көп.

Өмірім қатты өзгерді. Жаңа статус, жауапкершілік пайда болды. Кезінде мен үйде ештеңе істемей, бәрін анама тапсырып жата беруші едім. Ал қазір ондай жоқ.

Үйде барлығын өзім жасауға тырысамын" , - деді актриса.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Енеммен тұрамын": Айым Сейтметова келіндік қызметін қалай атқарып жүр