RU
Астанада жарықтың өшуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада жарықтың өшуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

10 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауындағы бірқатар аудан жарықсыз қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке арнайы комиссия құрып, кінәлілерді анықтауды тапсырды. Осыған орай ішкі істер министрлігі апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: voxpopuli.kz

Фото: voxpopuli.kz

Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тергеу барысын жеке бақылауға алғанын жеткізді.

"10 қарашаға қараған түні Есілдің сол жағалауындағы "Левобережная" станциясында апат болды. Соның салдарынан бірқатар мемлекеттік ғимарат пен тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 292-бабы – өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деп мәлімдеді Әділов.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу кезінде мамандар стансаны қарап, апаттың себебін анықтайды. Соған қарай процессуалдық шешім қабылданады.

"Заң бойынша сотқа дейінгі тергеудің мерзімі – екі ай. Бұл дегеніміз, екі айдың ішінде біз барлық тергеу шарасын өткізіп, кінәлі азаматтарды жауапқа тарту мәселесін шешуіміз керек", – деді тергеу департаментінің басшысы.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы сол жағалауының бірнеше бөлігінде Байтеректен бастап Әбу-Даби Плазаға дейін, Ақордадан бастап Москва бизнес орталығына дейінгі аумақта жарық өшкені мәлім болды.

11 қараша күні таңертең қала билігі апат салдары жойылып, үйлер мен әкімшілік ғимараттарға жарық берілгенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel