Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 жылдан соң іздеп келді": Отбасылы азаматты сүйген әйел жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Курортта көрікті де сымбатты жігітпен кездесіп, ғашық болған әйел қайталанбас күндерін ұмыта алар емес. Алайда, ол күндер қайта айналып келмейді, болашақтан да үміттенуден қайыр жоқ. Себебі, ол өзі сүйген жігітінің отбасылы екенін біліп қойған деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Күндердің бір күнінде, ол мені өз қаласына шақырды. Қанатсыз ұшу дегенді мен сонда сезіндім. Кездестік, сағынышымызды, мауқымызды бастық. Ұйқы көрмеген түндер өз лəззатын сыйлап жатты. Айтылмаған сыр қалмады, небір армандар да ақтарылды. Ертесіне қайтарымда шығарып салды, қимай қоштастық. Мені шығарып салғанда айтқаны отбасының бар екен.
Осы уақытқа дейін айта алмағанын, мені ренжітіп алғысы келмегенін, менен айырылып қалғысы келмегенін айтқанда, аспан айналып түскендей болды. Кешірім сұрап қала берді қол бұлғап. Содан үйіме жеткенімше көз жасым құрғамады", - бастады әңгімесін келіншек.

Осыдан кейін күйзеліске түскен келіншекке ғашығын ұмытуға уақыт көмектесіпті. Алайда, ол араға он жыл салып, бұрынғы махаббаты өзін іздеп келеді деп ойламаған екен.

"Сонау бір түкпірдегі ауылдағы үйімді тауып келген, қаншама адасып, əркімнен сұрастырып жүріп зорға тауып алыпты. Міне, ғажап, он жыл өткенде не мекен жайым жоқ, не телефон нөмірім жоқ қолында, тауып алған. Мені тауып алғанда, оны көргендегі қуаныш сезімін айтып жеткізу мүмкін емес. Өкпе-ренішімнің ізі де қалмаған. Кешірген екенмін. Көшеде ешкімге қарамай құшақтасып жабысып қалыппыз. Қуаныштан көзден жастар кетіп жатты. Іздеген табады деген, Құдайдың құдіретінде шек жоқ қой. Бір күн қасында болдым. Айтылмаған сырымыз қалмады. Ұмытпағанын, есінде үнемі болғанымды, сағынғанын бəрін бəрін жеткізіп жатыр", - деп баяндады әйел.

Бірақ азамат отбасын да тастап кете алмайтынын жеткізіпті. Ал нәзік жанды оны қинағым келмеді дейді.

"Ұмытуын өтіндім. Ұмыт, іздеме, сағынба. Осы үш ауыз сөзді жүрегім сыздап тұрып жеткіздім. Қимасам да тағы да қоштастық. Тағы да жүрекке түскен салмақ. Білемін, ол да ұмытқан жоқ əлі. Мен де ұмытқаным жоқ. Бірақ қосылмайтын тағдыр біздікі. Бұл дүниеде шын ғашықтар қосылмас, қосылмасақ та маған махаббат деген сезімді сезіндіріп кетті.
Өкінбеймін тағдырыма. Қайда жүрсе де аман болсыншы. Бақытты болсыншы деп тілеймін. Мүмкін, Алла бізді тағы кездесуді жазатын шығар. Мен оны сүйемін, күтемін. Ол менің алғашқы махаббатым, сағынышым, қол жетпес арманым", - деп түйіндеді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826835-10-zyldan-so-izdep-keldi-otbasyly-azamatty-sjgen-jel-zan-syryn-aktardy/

pixel