RU
Зеленскийдің жұбайы танымал сән журналының мұқабасына шықты (фото)

Зеленскийдің жұбайы танымал сән журналының мұқабасына шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена алғаш рет танымал Vogue Ukraine журналының мұқабасына шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life style порталына сілтеме жасап.

Vogue редакторлары Instagram желісіндегі парақшасында Украинаның бірінші ханымы түскен үш мұқабаны жариялаған.

Елена Зеленская журналдың желтоқсандық шығарылымына түскен. Ол сатылымға 18 қарашадан бастап шығады.

"Біз нөмірдің басты кейіпкерімен оны әртүрлі қырынан көрсету үшін үш мұқаба жасадық. Біріншісінде - ресми портрет. Екіншісінде Елена өзінің отбасымен, өміріндегі ең маңызды адамдарының қоршауында ол басқаша - әсерлі және уайымсыз. Үшіншісі, digital-мұқабада біз қарапайым, әдемі, ғажайып әйелді көреміз", - дейді журналдың бас редакторы Филипп Власов.

Суреттерді Голландиядан келген фотограф Пол Беллаарт түсірген. Ол Кайли Миноуг және Даутцен Крезбен жасаған жұмыстары арқылы танымал.

Алдағы нөмірде фотолардан бөлек, басылым Елена Зеленскаяның сұхбатын да жариялайды. Журналдың тілшілерімен әңгімелесу барысында Зеленская жаңа статус алғаннан кейінгі өмірін, қандай міндеттер мен мүмкіндіктер пайда болғанын, сондай-ақ сәннің дипломатияға тигізер әсерін айтып берген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel