RU

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу көрсеткіші төмендеді

«Қауіпсіз еңбек» ақпараттық нақанының жол картасы аясында жүзеге асқан кешенді жұмыстар нәтижесінде еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу көрсеткіші төмендеген. Еліміздің өндірістік кәсіпорындарында жүргізілген тексеру нәтижесінде 1773 заң бұзушылық анықталған. Бұл өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 23,1%-ға аз.

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу көрсеткіші төмендеді
Фото: Pixabay.com: Facebook

Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын жан-жақты бағалап, өндірістік жарақатты азайту, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі жүргізіледі. Тексеру барысында инспекторлар қызметкерлердің жұмысқа қатысуы мен еңбекті қорғауға жауапты тұлғаға және заң бұзушылықтарға назар аударады. Сонымен қатар олар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, қызметкерлерді оқыту мен оны ұйымдастыруға және өткізуге жауап береді.

«Биылғы 9 айда 941 нысан еңбекті дұрыс ұйымдастыруға байланысты сертификатқа ие болды. Тексеруді мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізді. Олар 9 ай ішінде шамамен 7200 рейд өткізді. Осылайша, қызметкерлердің 21 мыңнан астам шағымы мен өтініші қаралды. Олардың тек 631-і еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қатысты», - дейді ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов.

«Қауіпсіз еңбек» Жол картасы шеңберінде әдістемелік материалдар мен ұсыныстарды дайындау бойынша ауқымды жұмыстар іске асуда. Сонымен қатар өндірістік объектілерде оқыту мен семинарлар жиі ұйымдастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1826979-kazakstanda-ebek-kauipsizdigi-erezelerin-bzu-krsetkisi-tmendedi.html