RU
Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес ұйымдастырды (видео)

Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес ұйымдастырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Куәгерлер Ақтаудағы бесінші шағын ауданда 12 қазан күні тапа-тал түсте төбелесіп жатқан жасөсіпірімдерді камераға түсіріп алды. Өңірдегі полиция департаментінің мәліметінше, видеороликті зерттеген соң жасөспірімдердің кім екені анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Маңғыстау облысы ПД ақпаратынша, топтасқан төбелестен зардап шеккен ешкім жоқа. Полиция видеоролик кейіпкерлерінің кім екенін анықтаған.

"Төбелеске қатысушылардың бұған дейін осыған ұқсас оқиғалардан байқалмаған және олар есепте тұрағн жоқ", - деді ПД баспасөз қызметі.

Ювеналді полиция қызметкерлері бұзықтық жасағандардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесу жүргізген.

"Аталған факт бойынша полиция Әкімшілік құқық бұзушылықтың 435 бабымен (Кәмелет жасқа толмағандардың бұзақылық әрекет) хаттама толтырған. Төбелеске қатысушылар кәмелет жасына толмағандықтан, жауапкершілікті ата-аналары алады. Іс материалдары қала әкімдігінің жанындағы кәмелет жасына толмағандардың құқын қорғайтын комиссияға беріледі", - деді облыстық ПД:

Аталған бап бойынша ата-аналарына немес оларды алмастыратын жандарға 17 675 теңге көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде төбелес кезінде пышақ жарақатын алған 15 жастағы мектеп оқушысының қайтыс болғаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel