RU
"Сервис туралы қайдағы әңгіме": Тоқаев жол бойындағы адам шошырлық әжетханалар туралы айтты

"Сервис туралы қайдағы әңгіме": Тоқаев жол бойындағы адам шошырлық әжетханалар туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Жұмыс сапарымен Көкшетауға барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің туристік әлеуеті жайлы мәселе көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

"Елімізге туристер легінің ағылуына кедергі келтіретін елеулі факторлар бар. Ең қажетті нәрсе – жол бойындағы әжетханаларды қалпына келтіре алмай жатқанда қандай сервис жайлы айтуға болады?", – дейді президент.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Ақмола облысының туристік әлеуеті толығымен іске аспай жатқанын атап өтті.

"Біз Ақмола облысының елеулі табиғи-рекреациялық ресурстар мен мәдени мұра нысандарына бай екенін үнемі айтып келеміз. Бірақ өңірдің туристік әлеуеті толығымен іске аспаған. Бүгінгі таңда жалпы аймақтық өнімдегі туристік саланың үлесі 0,5 пайзыдан да аспайды", – дейді Тоқаев.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жұмыс сапарымен Көкшетауға барды. Ол сапар барысында өңір активімен кездесіп, Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізуде.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлағандай, президен аймақтағы бірнеше өндіріс нысандарын аралап көреді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel