RU
"Ананың әкесі, мынаның шешесі жақсы": Ақтөбеде бай балалары арасында пышақтасу көбейді

"Ананың әкесі, мынаның шешесі жақсы": Ақтөбеде бай балалары арасында пышақтасу көбейді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік полицейлер үлкен себеппен дабыл қақты. Өңірдегі мектептерде үздік оқитын дарынды оқушылар мен тұрмысы жақсы отбасылардың балалары арасында қылмыс көбейген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ананың әкесі, мынаның шешесі жақсы": Ақтөбеде бай балалары арасында пышақтасу көбейді

Фото: KAZ.NUR.KZ

Ауқатты отбасылардың балалары қылмыстың ортасында жүргенін айтқан полиция қызметкерлері ұстаздар мен ата-аналарды жинады.

"Біз бұрын профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдерді жіті бақылауға алдық. Қазіргі таңда жағдайы бар, әке-шешесінің тұрмысы жақсы отбасының балары жасайтын қылмыстар көбейіп кетті. Неге? 

"Ананың әкесі, мынаның шешесі жақсы" деп қазақшылыққа салынбауымыз керек. Ауруын жасырған ажалсыз өледі. Оны жасырмай айту керек. 

Қазір біз қолымызды кеш сермеп жатырмыз. Бәріміз оқиға болғаннан кейін жүгіріп жүрміз", - деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Ардана Саймағанбетов.

Өңірдің бас полицейінің қатысуымен өткен кездесуге мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен ата-аналар шақырылған. Полиция ескертуін ұйықтап тыңдағандар сөз естіді.

"Ананың әкесі, мынаның шешесі жақсы": Ақтөбеде бай балалары арасында пышақтасу көбейді

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Мына жерде текке отырған жоқпыз. Қарап отырмын, бір-екеуіңіз ұйықтап отырсыздар. Олай ұйықтап отырудың керегі жоқ. Егер ұйқыларыңыз келіп отырса шығып кетулеріңізге болады.

Бұл жерде адам өмірі, сіздердің балаларыңыз жөнінде әңгіме қозғалып отыр. Не істейміз? Балалар осылай бір-біріне пышақ сұғып өле бере ме? 

Бұл бірінші жағдай емес. Өткен жылы халықаралық жарыстардың жеңімпазы дарынды баламыздың қалтасында пышақ табылып, орны толмас оқиға болды. Жыл басында Шалқар ауданында және Ақтөбе қаласында бірнеше жағдай тіркелді. Бұл жағдай қашанға дейін жалғаса береді?

Мен ата-аналарға айтып отырмын. "Егер баланың қалтасын сынып жетекшісі қарайтын болса, ол заң алдында жауап береді" деген сөздерді айтасыздар. Ол дұрыс емес.

Бала сіздерге бала. Сыртқа шыққаннан кейін көргенін, көшедегі тәрбиені өзіне қабылдайды. Сіздер осы жағына мүмкіндік берулеріңіз керек. Баланың қалтасын қарасын, қауіптің алдын алады.

Интернетке үңіліп отырған кейбір балалар ашушаң. Үшкір затты бір біріне сұғып алып жатса, орны толмас қайғы болады. Біз осы жағынан жұмысты жалғастыра алмай отырмыз.

Кеңес дәуірінде мектепте бір-бір полициядан отырған жоқ, психолог болған жоқ. Мектепте басшысы, орынбасары сынып жетекшісімен ғана жұмыс жасады. Қазір әр мектепке инспекторды ұстап отырмыз.

Бір-бірімізден кінә іздемейік. Қоғамда болып жатқан жағдайларға бәріміз кінәліміз. Ата-ана тарапынан қадағалауды күшейтуіміз керек", - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Жыл басынан бері облыста 102 жасөспірім қылмыстық жауапқа тартылған. Оның ішінде 28 оқушы, 63 колледж студенті және ЖОО-ның 4 студенті бар.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылған жасөспірімдердің 52 пайызы жағдайы жақсы толық отбасынан, 32 пайызы толық емес отбасынан және 5,3 пайызы есепте тұрған  қолайсыз отбасында тәрбиеленген. Қылмыс жасаған 52 жасөспірім бұрын соңды қылмыс жасамағандар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
5
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel