RU
Елімізге танымал бизнесмен тұңғыш рухани форумда сөз сөйлейді

Елімізге танымал бизнесмен тұңғыш рухани форумда сөз сөйлейді

Рассказать Вконтакте

Танымал кәсіпкер, мотиватор әрі табысты адамдар тізіміне енген миллионер Марғұлан Сейсембай Алматыда өтетін тұңғыш рухани форумға қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Сапалы өмір сүрудің философиясы» деп аталатын форум қатысушылаға көптеген тосынсый дайындаған. Ал жиында сөз алатындар қатарында көпшілік кәсіпкер ретінде танылған, еліміздегі миллионерлер тізіміне енген Марғұлан Сейсембай да бар.

Сонымен қатар, форумда белгілі уағызшы Арман Қуанышбаев, мотиватор әрі коуч, бақытты өмір сүрудің құпиясымен бөлісетін Аманжол Рысмендиев және жазушы әрі ақын Омар Жәлелұлы тренинг өткізеді.

Форум 16 қараша күні Республика сарайында өтеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel