RU
Саят Әбенов бұрынғы әйелі мен науқас ұлына қатысты өз шындығын айтты

Саят Әбенов бұрынғы әйелі мен науқас ұлына қатысты өз шындығын айтты

Рассказать Вконтакте

Көпшілікке "торғайлық ақын" деген атпен танылған Саят Әбенов бірінші некесі жайлы жан сырын ақтарды. Танымал айтыскер сырқат баласына қатысты пікір білдіріп, бұрынғы әйелінің шағымына жауап берді. Өнер иесі отбасын тастамағанын айтып, керісінше жары жоқшылық себебінен ұлын алып, үйден өзі кетіп қалғанын айтып, ақталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Саят Әбенов отандық телебағдарламалардың бірінде өзін сырқат баласына мүлдем көмектеспейді деп сөккен бірінші әйеліне желідегі парақшасы арқылы жауап берген.

Белгілі ақын Instagram парақшасында өткен өміріне арналған жазба жариялап, өз шындығын жеткізуге тырысқан.

"Концертіме дейінгі концерт осы шығар. Әйтпесе ішіме сыймай кетті. Студенттік шағымдағы үлкен қателігімнен бастайын.

Ойда ештеңе жоқ, жұрт құсап қызбен жүрейік деп жатақханада махаббатқа ерік бердік. Содан бір қызбен жүре бастадым. Кейіннен ұрысып қалып қайта қауыштық. Қауышқан күн - біздің өмірімізді өзгертті.

Арада екі апта өткен соң "жүктімін " деген хабар айтты. Ол кезде отбасы құруға деген сенімі аздау жаспын. Бас тартсам анасы арызын дайындап отыр. Ал әкесі (дтсп) ауруымен ауырып ертеректе қайтқан екен. Содан жүрек қаламаса да қыз ұзату тойы өтті.
Қыз ұзату тойында анасы (енем) мынадай тілегін жеткізді "бұл қызымды бұған бергенше басқа жігітке беруім керек еді. Жарар, өздері білсін" деді. Сол тілегі әлі күнге дейін көкейімде" , - деп жазды айтыскер.

Оған қоса, ол бір жылға созылған отбасылық өмірі туралы да жазып, келіншегі ұлымен бірге өзін тастап кеткенін жеткізді.

"Не болса да жұртқа күлкі болмайық деп үйлену тойын жасадық. Содан арада уақыт өтіп дүниеге ұл келді.
Сәбидің еш жазығы жоқ қой шыны керек сәбилі болғаным үшін қатты қуандым. Ол қуанышымыз бірақ та ұзаққа созылмады. Бір күні оқуда жүріп үйге хабарлассам екеуі кетіп қалды дейді анашым. Неке сақинасын өткізіп өз ауыланан бір-ақ шыққан екен.(Ол кезде жалдамалы лашық үйде тұрамыз. Жағдайымыз өте нашар. )

Енді отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды.Олай дейін десем де мен басқа қалада оқуда жүрмін. Жағдайдың төмендігінен кеткен шығар деп ой түйдім.

Хабарлассам көтермейді. Тым болмаса ұлыммен сөйлестір десем де көнбейді. Содан қатты қиналып кеттім. Ата-анам мен туыс-туғандарым жұбатып әйтеуір басу айтты.

Бауыр басып қалған да қиын екен. Ақыры үмітім үзіліп оралмасына көзім жетті. Басқа өмір жолын бастап мен де өз жөніммен кеттім.

Содан арада біраз жыл өтіп, атым шыға бастағанда хабарласты. Ол кезде бәрі өзгерген. Өйткені басқамен тұрмыс құрған екен.
Бірақ оның күйеуі жол апатынан көз жұмыпты. Содан бір баласы бар.Екі баламен қиналып кеткен соң әлиментке арыз беріпті. Әрине ұлым үшін төлеуге дайын болдым" , - деді Әбенов.

Торғайлық ақын бүгінгі күні науқас ұлына алимент төлеп көмектесіп жатқанымен, бұрынғы әйелі үшін ол жеткіліксіз екенін аалға тартты.

"Бір жылдан астам уақыт төлеп келе жатырмын. Ұлымыз (талма ауруы) ауыратын болған соң, одан тыс көмек те көрсетемін. Барлық чектері сақтаулы. Бірақ та соған көңілі толмай одан сайын ала бергісі келеді.

Үйім жоқ деп күйінеді. Шынын айтсам өз басымда да үй жоқ. Қалай алып беремін? Егер жағдайым жақсарып жатса алып беремін дедім.

Жақын күндері болған кешімді естіп одан сайын күшейіп кетті. Кеш жасау оңай деп ойлаған шығар. "Көбірек ақша бермесең кешіңе келіп позорыңды шығарам " деп сес көрсетті.

Ақыры эфирлерге қатысып сыртымнан жала жауып үлгеріпті. Жарар енді ақ-қарамыз тек Аллаға ғана аян. Мені жақсы көріп жүргендер жек көріп, жек көріп жүргендер қуанатын күн жақындап қалды. Бәрін бір Аллаға ғана тапсырдым!", - деп аяқтады ол өз жазбасын.

Айта кетейік, бұған дейін Саят Әбеновтың бұрыңғы әйелі оның сырқат ұлына көмектеспей жүргенін айтып шағымданғанын жазған болатынбыз. Алтын Асабаева "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келіп, танымал ақынмен өткен отбасылық өмір жайлы бар шындықты айтты.

Сіздің реакцияңыз
20
3
2
5
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel