RU
18 жасында зорланған ару жаңа жыл түні сыныптасынан көрген қорлығын жайып салды

18 жасында зорланған ару жаңа жыл түні сыныптасынан көрген қорлығын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Жаркенттік Мөлдір Албан 18 жасында жаңа жыл түнінде болған, өміріндегі ең ауыр күнді күні бүгінге дейін ұмытар емес. Сыныптастарымен жаңа жылдық кешке барған оны, сол түні ата-анасының досының ұлы, сыныптасы зорлықпен көлігіне салып, зорлаған. Кейін әскери қызметте де зорлыққа тап бола жаздаған ол, бүгінде өзі сияқты тағдырдың тәлкегін көрген аруларға көмектесіп келеді деп жазады KAZ.NUR.KZ el.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жаркенттік Мөлдір Албан қарапайым отбасынан шыққан, шаңырағындағы төрт қыздың тұңғышы. Соңынан еретін атұстары болмағанына налыған әкесі, оны ер мінезді қылып өсірген. Бойжеткен кішкентайынан ер балалардың жұмысын істеп, жұмысқа пісіп өскен.

"Шаршамауға, ауладағы шаруалардың барлығына білек сыбана кірісіп кете беретінмін. Қазір ойланып отырсам соның бәрі менің феминистік көзқарасымның қалыптасуына ықпал етіпті", - дейді бойжеткен.

18 жасында жаңа жыл кешін атап өтуге шыққан ол, сол күні өмірім түбегейлі өзгерді дейді. Кешке барған сыныптастарының бірі оны таң ата көлігіне отырғызып, қыздың қарсылығына қарамастан, зорлап кеткен. Өкініштісі сыныптас жігіті өзін жақсы танитын, ата-анасы бұрыннан араласатын достарының ұлы болған.

"Сол кеште сыртқа шыққаным үшін өзімді көпке дейін айыптап келдім. Біздің қазақтың "Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді" деген жаман бір тәмсілі бар ғой. Бұл сөз кімнің сандырағы екенін білмеймін.
Десе де, мен ол жігітке ешқашан көңілім болған емес. Онымен жақын араласқаным рас. Өйткені, біздің ата-аналарымыз бір-бірімен достар еді. Ал артық қиқаң-сиқаңым болмады", - деп сол күнді еске алды ару.

Бойжеткен бұл сырын ұзақ уақыт бойы іште сақтаған. Тек бес айдан соң, құрбысы Раушанға алғаш рет болған жайтты айтқан.

Тағдырдың тәлкегімен оны зорлаған жігіттің өмірінде қиын жағдай орын алған. Ол сол оқиғадан кейін, үш жыл өткен соң жол апатына түсіп, тек алты айдан соң өз-өзіне келген. Аяққа тұрғаннан кейін, ер азамат Мөлдірден келіп кешірім де сұраған.

"Өмірде жақының болып аралас-құралас болған досыңның, тіпті ата-анамыз таныс болғандықтан оны бауырымдай көргенімді де жасырмаймын. Сондықтан одан мұндай опасыздықты күтпедім.

Оны үздіксіз қарғағанымды да жасырмаймын. Бірақ мен үшін ол адам қатарынан сызылып тасталған. Сол себепті оны кешіріп, болған жайтты ұмыту маған оңай емес.

Ол менен кешірім сұрағанда "Ластаған дүниеңді тазарта аласың ба?" деп сұрадым. Ол маған "жоқ" деді. Ендеше, алдыма келіп кешірім сұраудың қажеттігі жоқтығын айттым. Уақытты кері қайтару мүмкін емес қой", - деп көзіне жас алды ол.

13 жылдан кейін отбасына болған жайтты айтқанында, жақындары одан теріс айналған. Бойжеткен артынша күйзеліске ұшырап, талма ауруына шалдыққан.

Өкініштісі кейін бірнеше жыл өткеннен кейін, тағдыр оны тағы да сынамақ болады. Әскери қызметте алты жыл жұмыс істеген ол, басшылық тарапынан зорлау әрекетіне тап болған.

Алайда бойжеткеннің әскери дайындығының арқасында, бұл жолы жәбірленуден аман қалған.

Бүгінде Мөлдір Албан өзі сияқты тағдырдың тәлкегіне ұшыраған жандарға көмек көрсететін ұйымда қызмет етеді. Оның бар тілегі қазақ әйелдері жылап, ер адамдар тарапынан тұрмыстық қысымға түспесе екен дейді.

Сіздің реакцияңыз
4
1
5
16
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel