Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда ер адам 60 джип көлігін жалдап, серуендеген (фото)

Опубликовано:

Оралда ер адам 60 джипті жалдап, қала ішінде серуендеген деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: "Мой город"
Фото: "Мой город": UGC

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 11.00 шамасында "Самал-1" шағындауданында болған.

"Арасан" саунасы маңына автокөліктердің жиналып жатқаны жөнінде хабар түскен. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде ер адамның джиптерді жалдап, қалада серуендеп жүргені анықталды.

Фото: "Мой город"
Фото: "Мой город": UGC

Ер адам отбасындағы кикілжіңнен кейін осындай қадамға барған. Тұрғын қалалық полиция басқармасына жеткізілгеннен кейін есін жиып, бұған өкініш білдірген. Сосын ол құқық бұзушылық болмағандықтан, үйіне жіберілді.

Айта кетейік, Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктердің жаңа үлгілері енгізіледі. Мұндай шешім Ішкі істер министрлігінде қабылданды. Ведомство хабарламасында ІІМ басшысының тиісті бұйрығына ағымдағы жылдың екінші қарашасында қол қойылып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде төртінші қарашада тіркелгені айтылған.

Фото: "Мой город"
Фото: "Мой город": UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827543-oralda-er-adam-60-dzip-kligin-zaldap-seruendegen-foto/

pixel