RU

Қызылордада "Самғау" сыйлығына байқау жарияланды

Қала әкімінің жастарға арналған дәстүрлі «Самғау» сыйлығына құжат қабылдау басталды.

Қызылордада «Самғау» сыйлығына байқау жарияланды
Қызылорда әкімдігінің мұрағаттағы суреті: Facebook

Бұл сыйлық, жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарының өзара байланысын нығайту, қала жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени деңгейінің артуына және жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, талантты, білімді, шебер, қоғамдық өмірде белсенді жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында тағайындалады.

«Самғау» жастар сыйлығына 14 пен 29 жас аралығындағы Қызылорда қаласының кез-келген жастары қатыса алады және арнайы құрылған комиссия қорытындысымен лайық деп табылған 10 жасқа 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.

Құжат қабылдау 15 қараша мен 9 желтоқсан күндері аралығында жүргізіледі.

Қызылордада «Самғау» сыйлығына байқау жарияланды
Қызылорда әкімдігінің мұрағаттағы суреті: Facebook

Айта кету керек, «Самғау» сыйлығы бұған дейін 7 жыл көлемінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып Қызылорда қаласынан 70 жас марапатталған.

Ал, биылғы жылы бұл шара 8-ші рет ұйымдастырылғалы отыр.

Қызылордада «Самғау» сыйлығына байқау жарияланды
Қызылорда әкімдігінің мұрағаттағы суреті: Facebook

Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығын тағайындау Ережесімен төмендегі сілтеме арқылы толық таныса аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1827745-kyzylordada-samgau-syjlygyna-bajkau-zarialandy.html