RU
Тараздағы мектеп оқушының зорлануы: Күдікті бұрын да қыз зорлағаны үшін сотталған

Таразда оқушыға азғындық жасаған күдікті бұрын да қыз зорлағаны үшін сотталған

Рассказать Вконтакте

Қоғамды дүр сілкіндірген Тараздағы жағдайға қатысты тың мәліметтер анықталды. Мектеп оқушысын зорлаған азамат бұрын да осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған болып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Күдіктінің өткен өмірі жайлы өңір полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев хабарлады.

Оның сөзінше, ұсталған азамат 17 жаста болғанда зорлау фактісі бойынша сотталған. Нәтижесінде ол төрт жыл түрмеде отырып, бір жылын шартты түрде өткізген.

Аталған қылмыс 19 жыл бұрын болған.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, өткен аптада қазақстандықтарды Таразда мектеп оқушысын зорлап кеткені туралы жаңалық елең еткізді. Зардап шеккен қыздың жасы 12-де екені расталды. Ол сабақ уақытында дәретханаға шығып, педофилдің құрбаны болған.

Жамбыл облыстық полиция департаменті Таразда мектеп оқушысының зорлану фактісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі және 121-бабы 4-бөлімі бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастады. Мектеп директоры, директордың құқықтық тәрбие бойынша орынбасары, мұғалім мен вахтер жұмыстан қуылды.

Ал мектепте ата-аналар жергілікті билік пен облыстық білім басқармасы өкілдерімен кездесу өтті.

Қазір мектеп оқушысының жағдайы қанағаттанарлық. Онымен психолог жұмыс істеуде.

Егер адамның кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойы колонияға қамалады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel