Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бразилиялық бөксе" жасатпақ болған үш баланың анасы ота кезінде көз жұмды

Опубликовано:

Англияның Лиа Кэбридж есімді тұрғыны өзіне "бразиялық бөксе" жасату үшін Түркияға аттанған. Элиталық клиникаға жүгінген келіншек күтпеген жерден дәрігердің қолынан көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Үш баланың анасы, 29 жастағы Лиа Кэбридж Түркиядағы элиталық клиникада ота жасату үшін қолма-қол 6.5 мың фунт, яғни 3 миллионнан астам теңге төлеген.

Ота кезінде Кэмбридждің белінен май алынып, ол бөксеге енгізілуі керек еді. Алайда күтпеген жерден келіншектің тамырына май тамып кетіп, Лианың үш рет жүрек талмасы ұстап, көп ұзамай ол қайтыс болады.

Пластикалық хирург, дәрігер Али Укан Кэмбридждің сүйіктісі Скотт Фрэнксқа отаның осы сәті оның өмірі үшін маңызды болғанын алға тартты.

Оның сөзінше, әр ағзаның өзіндік ерекшелігі бар. Сол себепті кез келген хирург мұқият болып, "тамыр мен артерияға" келгенде аса сақ болу қажет екен.

Фрэнкс клиниканы сотқа берді. Ал медициналық мекеменің заңгері Лианың отаға дейін есірткі қабылдағанын айтқан.

Алайда әйел адамның денесін ашқанда, заңгердің сөзі расталмады. Сот істі әлі қарастыруда.

Айта кетейік, қараша айында дәл осындай жағдай Бразиялияда болған. Үш баланың анасы бөксесін үлкейтпек болып, ота жасатқан.

Рио-де-Жанейро қаласында 26 жастағы Анджела Педрозаға 300 миллилитр силикон енгізілді. Алайда оның ағзасы сырттан келген материалды қабылдай алмай, ота сәтсіз болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828262-brazilialyk-bkse-zasatpak-bolgan-s-balany-anasy-ota-kezinde-kz-zmdy/

pixel