RU

Швецияда пәтерінде үш жыл бойы өлі күйінде жатқан ер адам табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Швецияның Седермальм аралында полиция қызметкерлері тұрғын үй пәтерінен үш жыл бұрын қайтыс болған ер адамның денесін тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Жергілікті тұрғындар бірнеше жыл бойы егде жастағы көршілерін көрмегендерін айтып, полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары пәтерді тексеріп, ер адамның мәйітін тапты.

"Кіреберіс есігінде хаттар көптеп жиналып қалған. Болжам бойынша, ол үш жыл бұрын қайтыс болған. Пәтердің ішінде жарық жанып, радио жұмыс істеп тұрды", – деп мәлімдеді полиция қызметкері Виктор Адольфсон өзінің Twitter парақшасында.

Енді ер адамның нақты неден қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға Германияда болғанын хабарлаған едік.

Белігіл болғандай елдің батысындағы Зенден қаласында көппәтерлі үйдің бірінің жертөлесінен өрт шыққан.

Соған байланысты өрт сөндірушілер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру мақсатында пәтерлерді аралап, ескерту жұмыстарын жүргізген.

Алайда пәтерлердің бірінде ешкім жауап бермегендіктен олар есікті бұзып кіруге мәжбүр болады. Өрт сөндірушілер іштен ер адамның қаңқасы мен иттің өлігін тапты.

Болжам бойынша, пәтер иесі сегіз жыл бұрын қайтыс болған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Швецияда пәтерінде үш жыл бойы өлі күйінде жатқан ер адам табылды
Mailfire view pixel