RU

"Ringo"-лық танымал әнші жігіт Түркия елін бағындыруда

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал "Ringo" тобының мүшесі Әділжан Умаров өзінің әншілік қабілетімен Түркия елін таңғалдырып жатыр. Өнер иесі түркиялық Tv8 арнасында болып жатқан "O' Ses Turkiye" ән байқауында бақ сынауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әділжан Умаровтың Түркия еліне жиілеп баруының себебі енді белгілі болды. Қазақ эстрадасының өкілі бауырлас халықтың әншілері арасныдағы додаға қатысып жүр екен.

Анықталғандай, эфирге шықпас бұрын Әділжанды Түркияға екі мәрте шақыртқан. Біріншісінде кастинг болса, екінші рет ол өлеңді таңдау үшін барған.

Алғашқы іріктеу кезеңінде "Ringo"-лық жігіт әйгілі Sam Smith орындауындағы "Lay me down" әнін шырқады. Қазақстандықтың даусы бірден екі әділқазыны таңырқатып, Екеуі де отандық әртіске бұрылған.

Алайда, Әділжан Умаров Мұрат Боздың командасын таңдады. Отандық әншінің танымал түрік жұлдызымен ортақ жұмысы қандай болып шығатыны екінші кезеңде белгілі болмақ.

Отандасымыз аталмыш додада жеңімпаз атану үшін бар күшін салатынын айтты.

Айта кету керек, әнші Түркияға жары мен топтағы әріптестері Данияр Өтеген мен Аян Бірбаевпен бірге барған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ringo"-лық танымал әнші жігіт Түркия елін бағындыруда
Mailfire view pixel