Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жемқорлыққа қарсы": Кушкалиевтің жаңа бейнебаяны көпшілікті ойландырып қойды

Опубликовано:

Отандық әнші, көптеген хит әндердің орындаушысы Бейбіт Кушкалиев тыңдармандарын кезекті бейнебаянымен қуантты. Көпшілікке көңілді әндермен танылып үлгерген эстрада жұлдызы бұл жолы өнер сүйер қауымға ой салатын туынды сыйлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/Instagram/beibit_kushkaliyev
Видеодан кадр/Instagram/beibit_kushkaliyev: Instagram

Бейнебаянның үзіндісін әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Жемқорлыққа қарсы қысқа метражды фильмге жарық көрген саундтрегім. Музыка: Ғалымбек Исмбергеновтікі, мәтін: Ерболат Қарақойшынікі", - деді ол видеоның астында.

Бұны көрген желі оқырмандары "Құтты болсын", "Сәтті шыққан туынды", "Биіктен көрін", "Мәтіні, әні, орындалуы - бәрі жақсы шыққан", "Керемет", "Ой саларлық туынды екен", "Тамаша. Тыңдармандарыңыз көп болсын" деген пікірлерін қалдырды.

Арасында қысқа метражды фильмнің қашан жарыққа шығатынын сұрағандар да болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Кушкалиев "Мен сені шын сүйемін" атты бейнебаянын тыңдармандарына тарту еткен.

Лирикалық туындыда қос ғашықтың арасындағы кіршіксіз махаббат суреттеледі.

Клипке басты рөлдегі актриса ретінде отандық танымал блогер Фариза Ағзамова түскен. Ол Instagram желісінде үлкен танымалдылыққа ие.

Сондай-ақ, танымал өнер иесінің қызы таеквондодан спорт шеберіне үміткер атанды.

Бұл туралы әртіс Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қызым, ҚР Спорт шеберлігіне үміткер дәрежең құтты болсын! Алла ұрпағымызды мықты қылсын!",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828460-zemkorlykka-karsy-kuskalievti-zaa-bejnebaany-kpsilikti-ojga-somdyrdy/

pixel