RU

Ерке Есмахан "тұздау әдісімен" танылған әйгілі түрік аспазшысымен кездесті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде ерекше "тұздау әдісімен" жұлдыз болған түрік аспазшысы Нұсрет Гөкшемен құшақтасып тұрған суретін жариялады. Өнер иесі Дубайдағы аса қымбат мейрамханаға арнайы онымен кездесу үшін барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram парақшасына әйгілі түрік аспазшысымен түскен суретін жүктеп мақтанды. Етті ерекше турап, тұздайтын Нұсрет қазақстандық шоу-бизнес жұлдызын қатты құшақтап алған.

"Қасапшы ағамның құшақтауы да жаман емес! Мен де аямай құшағына оранып алыппын тіпті! Ұят емас пе, Ерке?! Бұл кім десеңіздер? Ет әлемінің патшасы - Нусрет! Жәй ғана еттің арқасында әлемге әйгілі! Өз ісін соншалықты сүйген адам үлкен жетістікке бәрібір жетеді. Соның бір мысалы - осы кісі" , - деп жазды әнші суреттің астына.

Оған қоса, эстрада жұлдызы танымал қасапшы өзін қалай тамақтандырғанын көрсетті.

Айта кетейік, Ерке Есмахан Шотландиядағы демалысынан соң, Араб әмірлігіне Гүлнұр Мамасарипованың туған күніне орай ұшып келген. Жақын құрбысының жеке мерекесін тойлауға келген әртіс әйгілі аспазшы дайындаған еттің дәмін көрмей кете алмаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ерке Есмахан "тұздау әдісімен" танылған әйгілі түрік аспазшысымен кездесті (фото)
Mailfire view pixel