Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер комада жатқан адаммен тілдесудің жолын анықтады

Опубликовано:

Көптеген жылдар бойы ғалымдар мен ақ халаттылар комада жатқан адамдардың шын мәнінде не сезетінін анықтауға тырысатын. Алайда мұны білу тек Батыс Онтарио университетінің бас миының жарақаттары және нейродегенеративті аурулар зертханасының басшысы, нейробиолог Адриан Оуэннің қолынан ғана келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Вечерняя Москва басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлер комада жатқан адаммен тілдесудің жолын анықтады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Хабарланғандай, маман комада жатқан науқастың миын арнайы магнитті-резонансты томографияның көмегімен тексерген. Тәжірибе барысында дәрігер адам миына томографты жақындатып сұрақтар қоя бастапты.

Аппарат науқаспен байланыс орнатылғанын немесе орнатылмағанын көрсетті: мидың біір бөлігінде белсенділік байқалғанда экрандағы суретте дақтар пайда болды. Бұл адам сұрақтарға жауап берді, яғни, әсер етті деген сөз.

Тағы бір науқас комада ұйықтап жатып, қатты шөлдегенін және қорыққанын сөз етті Алайда ол ештеңе істей алмаған.

Неврология ғылыми орталығының директры академик Михаил Пирадов кома адам қайтыс болмаса, төрт аптадан кейін бітеді дегенді алға тартты.

Комадан шығудың мүмкін нұсқалары: ес жию, вегетативтік күй, минималды сана күйі. Мен ұзақ тәжірибемнің барысында вегетативтік күйден дін аман шыққан бірде-бір пациентті көрмедім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828837-drigerler-komada-zatkan-adammen-tildesudi-zolyn-anyktady/

pixel