RU
Мадина Оспанова болашақ күйеуімен түскен суретімен елді қызықтырып қойды (фото)

Мадина Оспанова болашақ күйеуімен түскен суретімен елді қызықтырып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кино саласында жұлдызы жанған актриса Мадина Оспанова болашақ күйеуімен түскен суретін жариялады. Алайда, алдағы уақытта тұрмысқа шығатын ару көпшілікке өмірлік серігінің түрін көрсетуге әлі дайын емес болса керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Оспанова Instagram желісінде сүйіктісімен құшақтасып тұрған фотосын жүктегенімен, жұртшылықтан оның түрін жасырып қойған. Ол болашақ жолдасының бетін қызыл жүректің суретімен жауып тастады.

"Сондай шынайы фото. Көз тимесін." , - деп жазған Оспанова суреттің астына.

Бақыттан басы айналып жүрген актриса жақында келін атануға қызу дайындық үстінде. Ол бірнеше жыл бойы кездесіп жүрген жігітіне тұрмысқа шығуға келісімін берген.

Айта кетейік, Мадина Оспанова қалың көпшілікке Төреғали Төреәлінің "Ұлы дала комедиясы" фильмі арқылы танылған болатын.

Бұған дейін, жас актриса "ТТТ" деген сүйіктісі бар екенін жария салған болатын. Сонымен қатар, араға бірнеше апта салып, шоу-бизнес жұлдызына аталмыш ғашығы үйленуге ұсыныс білдірген. Оспанова өз кезегінде, сүйіктісінің жары атануға өз келісімін беріп, желідегілерге отау құрғалы жатқанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel