Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Дәукей мен Құдайбергеновті қабылдады (фото)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының академигі Серікбек Дәукей мен экономист Олжас Құдайбергеновті қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Қазақстан президенті Дәукеймен кездесу барысында геология саласын дамытудың, салалық министрлік құрылғаннан кейінгі қолға алынған реформалардың орындалу барысының, сонымен қатар, жер қойнауын зерттеу бағытында қабылданған мемлекеттік және заңнамалық қолдау шараларының өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жер қойнауын пайдалану Кодексіне өзгертулер енгізу жөнінде ұсыныс берілді. Аталған ұсыныс геологиялық зерттеу жүргізу және жер қойнауын тиімді пайдалану ісінде мемлекеттің рөлін күшейтеді.

Президент аталған саланы одан әрі дамытудың, жаңа кен орындарын ашу үшін заманауи, ғылыми әдістерді пайдаланудың және минералды-шикізат базасының қорын арттырудың ерекше маңыздылығын атап айтты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Сондай-ақ, мемлекет басшысы экономист Олжас Құдайбергеновті де қабылдады.

Кездесу барысында стратегиялық жоспарлау, бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің тиімділігі, мемлекеттік органдардағы бюрократиялық рәсімдерді қысқарту, сондай-ақ, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша нақты ұсыныс жасауды тапсырды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1828909-memleket-bassysy-dukej-men-kdajbergenovti-kabyldady-foto/

pixel