RU
Ғалымдар бөлме гүлдерінің пайдасын жоққа шығарды

Ғалымдар бөлме гүлдерінің пайдасын жоққа шығарды

Рассказать Вконтакте

Әр шаршы метрге мың гүл өсіргенде ғана мол оттегі бөлініп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Ernur.kz

Көрнекі фото: Ernur.kz

Америкалық зерттеушілердің айтуынша, бөлме өсімдіктерінің ауаға пайдалы әсері – жай ғана аңыз. Ғалымдар осы тақырып бойынша соңғы 30 жыл ішінде жүргізілген ғылыми жұмыстардың қорытындысын шығарды деп хабарлады.

Нәтижесінде олар өсімдіктер зиянды заттарды өте баяу сіңіреді деген қорытындыға келді. Филадельфиядағы Дрексел университетінің профессоры Майкл Уорингтің айтуынша, қарапайым желдету жүйелерін пайдалану ауаны тазартуда әлдеқайда тиімді.

Оның айтуынша, бөлменің әр шаршы футіне 93, яғни бір шаршы метрге мың өсімдік орналастырылған жағдайда ғана өсімдіктерден осындай пайда көруге болады.

Кеңсе немесе бөлме ішіндегі ауаның ластануы бүкіл әлемде маңызды проблемаға айналғаны да айтылды. Британдық корольдік дәрігерлер колледжінің мәліметі бойынша, бұл жыл сайын 99 мың Еуропа тұрғынының өлуіне себеп болады.

Айта кетейік, ғалымдар мен дәрігерлер таңғы астың адам ағзасына пайдасы жөнінде бұрыннан зерттеп келеді. Ол мидың қызметіне оң әсерін тигізіп, адамның жұмыс жасау қабілетін арттырады. Осы орайда австралиялық диетолог Сьюзи Барелл таңғы ас кезінде қандай азық-түліктерден бас тарту керектігін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel