RU
Құрбысының күйеуімен көңіл жарастырған ару желіде өз мұңын шақты

Құрбысының күйеуімен көңіл жарастырған ару желіде өз мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Құрбысының күйеуімен қарым-қатынас құрған ару көпшілікке одан жүкті болып қалғанын сөз етті. Айтуынша, ол енді бар шындықты құрбысына айтуды ойлап жүр екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Басқаларға айттырады": Құрбысының күйеуімен жүретін ару желіде мұңын шақты

Көрнекі фото: pxhere.com

Ару Instagram-дағы moi_tainyi_mir парақшасында жан сырын ақтарды.

Үш жыл жан құрбысының күйеуімен кездесіп жүрген әйел адам онымен ақша үшін жүрмегенін ашып айтты.

"Үш жылдан бері құрбымның күйеуімен кездесіп жүрмін. Бір-бірімізді шын сүйеміз. Алайда ол бала-шағасын тастап кетуге дайын емес екенін айтуда. Мен одан әйеліңді таста деп те сұрамаймын. Өз қаражатыма күн көремін. Өзім табыс табамын, пәтерім де бар. Сүйіктімнен ақша сұрамаймын", - дейді ол.

Өзінің жүкті екенін білген ару баласы мен сүйіктісінен бас тартпайтынын, керісінше, құрбысына бар шындықты жайып салу керек екенін ойлап жүр.

"Енді жақында яғымның ауыр екенін білдім. Не істерімді білмей қалдым. Менің құрбым жүрген жерінде басы бос жігіттерді көрсе, мені айттыра бастайды. Күйеуінің ту сыртынан не істеп жүргенін де білмейді. Жағдайды қалай шешу керек екенін білмей қалдым. Баладан және қазіргі қарым-қатынастарымнан бас тартқым келмейді.
Сүйіктіме жүкті екенімді айтқанда, ол тек үнсіз бәрі жақсы болатынын айтты. Содан кейін әңгіме бітті. Құрбыммен сөйлессем бе деймін", - деп ағынан жарылды келіншек.
Сіздің реакцияңыз
12
0
1
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel