Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалған құжат көрсеткен азамат өзін "Назарбаевтың немересімін" деп таныстырған

Опубликовано:

Жол-көлік оқиғасынан кейін қызметтік куәлігін көрсеткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жалған қызметкері туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Ұсталған азамат бірнеше жыл бұрын өзін Тұңғыш Президенттің немересі ретінде таныстырып, қазақстандықтардан ақша талап еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жалған құжат көрсеткен "агент" өзін Назарбаевтың немересі ретінде таныстырған
Видеодан алынған кадр: Zakon.kz: Facebook

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ұсталған адамның бұған дейін өзін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырғаны үшін бірнеше рет сотталғанын хабарлады.

Сондай-ақ, басылым дәл осы адам 2011 жылы алаяқтық жасағаны үшін сотталды деп жазады: ол Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі ретінде адамдардан ақша бопсалаған.

2011 жылдың ақпан айында KAZ.NUR.KZ бұл іс туралы жазған болатын.

Сол кезде 26 жастағы Дильшод Абдуллаев Алматы, одан кейін Астана, Қарағанды және Павлодар тұрғындарынан Құлыбаев Руслан Тимурұлының атына Ішкі істер министрінің қызметкерінің жеке куәлігін көрсетіп, Тұңғыш Президенттің немересі болып көрініп, ақша талап еткені туралы хабарланды.

Қылмыстық жолмен ол шамамен 15 миллион теңге жинаған.

Нәтижесінде сот Абдуллаевтың кінәсін дәлелдеп, оны 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Жақында әлеуметтік желілерде жол апатынан кейін жақсы киінген адамның өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенті ретінде таныстырып, жеке куәлігін көрсеткен видео пайда болды.

Кейін белгілі болғаны, ол кадрлар 21 қарашада Павлодарда түсірілген, ал видеоға түсірілген адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ешқандай қатысы жоқ екен.

Полицейлердің айтуынша, айдың басында ол басқа көлікті мініп кетіп, оны Павлодарға апарып, жол апатына түсіп қалған.

Қазір ол ұсталып, Алматы полициясына тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829159-zalgan-kzat-krsetken-azamat-zin-nazarbaevty-nemeresimin-dep-tanystyrgan/

pixel