RU
Биылғы "Дарын" сыйлығының иегері атанған жас жұлдыздар кімдер

Биылғы "Дарын" сыйлығының иегері атанған жас жұлдыздар кімдер

Рассказать Вконтакте

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Марапат алғандардың қатарында актер Аян Өтепберген, мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева, әнші Әділхан Макин, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев сынды танымал жастар бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Instagram/танымал тұлғалардың жеке парақшасынан алынды

Фото: Instagram/танымал тұлғалардың жеке парақшасынан алынды

"Эстрада" номинациясы бойынша

  • Макин Әділхан Құрманғалиұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі "Т.Қ. Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің 3-курс студенті
  • Айтімбай Марат Төреханұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы"  республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының солисі, конферансье

"Классикалық музыка" номинациясы бойынша

  • Мұсахан Данара Ерұланқызы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Музыкатану және композиция" кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD)
  • Жамбаев Әзімбек Қалдыбекұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 1-курс магистранты

"Халық шығармашылығы" номинациясы бойынша

  • Сұлтанхан Мейірбек Бектұрсынұлы - айтыскер 
  • Сатыбалдиев Жарас Болатұлы - "Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әртісі, дирижер 

"Әдебиет" номинациясы бойынша

  • Байбұланова Жадыра Төкенқызы - "Хабар агенттігі" акционерлік қоғамы "Хабар 24" телеарнасының редакторы 
  • Смағұлов Бекзат Болатжанұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті музыка өнері басқармасының сарапшысы

"Театр және кино" номинациясы бойынша

  • Серкебаева Алтынгүл Ерболқызы - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының актрисасы  
  • Өтепберген Аян Өмірәлі - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының актері 

"Спорт" номинациясы бойынша 

  • Тұрсынбаева Элизабет Байтаққызы - мәнерлеп сырғанаудан 2019 әлем вице-чемпионы, Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері, қысқы Универсиада-2019 күміс жүлдегері
  • Қоңқабаев Қамшыбек Бисенбайұлы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының капитаны

"Дизайн және бейнелеу өнері" номинациясы бойынша

  • Жүзбай Айжан Қуанышәліқызы - "Жүзбай дизайн" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, бас дизайнер,  "Қазақ сән қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті 
  • Мүсіреп Сырым Еламанұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің "Мүсін" мамандығы бойынша 4-курс студенті 

"Журналистика" номинациясы бойынша

  • Түсіпов Мырзабек Нағашыбекұлы - "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының "Хабар" телеарнасы бағдарламалар өндірісі бөлімінің редакторы
  • Тасқалиев Айбек Серікұлы - Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси "Ақтөбе" газетінің тілшісі

"Қоғамдық қызмет" номинациясы бойынша

  • Ибрагимов Нұрсұлтан Құдайбергенұлы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас хатшысы
  • Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы - "Қазақстанның студенттер альянсы" республикалық студенттік қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің президенті 

"Ғылым" номинациясы бойынша 

  • Нұрлан Қанат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілетті өкілінің бағыты бойынша "Біріккен ядролық зерттеулер институты" халықаралық үкіметаралық ұйымын Н. Н. Боголюбов атындағы теориялық физика зертханасының кіші ғылыми қызметкері
  • Ерланұлы Ерасыл - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Физика-техникалық факультеті плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының 2-курс PhD докторанты.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының 2019 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 600 000 (алты жүз мың) теңге сомасында белгіленсін", - делінген жарлықта.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel