RU
Мәдениет министрі Нұр-Сұлтанға барған Ержан Максимді сүйіп алды (фото)

Мәдениет министрі Нұр-Сұлтанға барған Ержан Максимді сүйіп алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Жас қазақстандық әнші Ержан Максим "Junior Eurovision" байқауынан келген соң Мәдениет және спорт министрлігінде баспасөз конференциясын өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ержан Максимнің "Балалар Евровидениесіне" қатысуына пікір білдіріп, жас орындаушы өзінің өнер көрсетуімен бүкіл елді қуантқанын атап өтті.

Қазақстанның мәдениет басшысы қуанышты эмоциясын жасыра алмай, Ержан Максимді Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз конференциясы кезінде бетінен сүйді.

"Біздің кішкентай Ержан бүкіл елді қуантты, бәрімізді қуантты. Мұндай беделді сайыстарға, байқауларға қатысу, іріктеу кезеңінен өті - бұл үлкен жұмыс, үлкен сәттілік. Бәріміз білетіндей сәттілік - дайындалғандарды жақсы көреді. Ол бұған дайын болды. Ол 2016 жылдан бастап тамаша сайыстарға қатысып келеді", - деді Ақтоты Райымқұлова.
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Ержанның өзі журналистермен кездесу кезінде "Балалар Евровидениесінен" алған әсерімен бөлісті. Сұрақтарға жауап берген ол қандай танымал әншілермен дуэт айтқысы келетінін мәлімдеді.

"Менің арманым - Андреа Бочеллимен, сондай-ақ басқа да танымал әншілермен, мысалы Лара Фабиан, Селин Дион, Билли Айлиш, Димашпен ән шырқау", - деп келтірді Sputnik Қазақстан Ержанның сөзін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel